Павлодар қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архивтік құжаттарды насихаттау және пайдалану» тақырыбында өңірлік семинар өтті.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Семинардың мақсаты архив мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ практикалық тәжірибе алмасу.
Семинарға министрлік өкілдері, Абай, Ұлытау, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы басқарма және мемлекеттік архивтер басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Екі күнге созылған семинар барысында архивтік құжаттарды пайдалану мен жариялау мәселелері бойынша заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің негізгі аспектілері, пайдаланушылардың құжаттамалық деректерге қол жетімділігі талқыланды.
Іс-тәжірибелік семинардан соң министрліктің өкілдері Павлодар облысындағы бірқатар архив мекемелерін аралап жұмыс жүргізу барысымен танысып, қызметкерлермен кездесті.