Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Аида Балаеваның атынан жалған ақпарат тарады

Фото: Ақорда

Мәдениет және ақпарат министрлігі министр Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарағанын мәлімдеді, деп хабарлайды altyalash.kz

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады», – делінген хабарламада.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА КӨКӨНІС ӨНДІРІСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

admin_altyalash

ІІМ: Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген

admin_altyalash

Қостанайда 2026 жылға арналған студент жастармен тәрбие жұмысының басымдықтары айқындалды

admin_altyalash