Жексенбіде Қазақстаннан бірінші болып Паралимпиаданың “күмісін” жеңіп алған мерген еркін Ғабассов өнер көрсетеді.
Сағат 12.30-да Ғаббасов аралас ре, 10 метрге пневматикалық мылтықтан оқ атуда сайысқа түседі. Бұл іріктеу кезеңі болады.
SH1 санаты – тірек-қимыл аппараты зақымданған, қаруды қосымша қолдаусыз ұстауға қабілетті спортшылар.
Жүзу
Бұдан әрі сағат 12.47-де Зульфия Ғабидуллина Қазақстан атынан паражүзуден шығады. Ол 150 метрге кешенді стильде жүзеді.
SM4 санаты – жүзуде қолданатын қолдың әлсіздігі аз спортшылар.
Теннис
Сағат 23.00-де үстел теннисі басталады. 1/16 финалда қазақстандық Әли Мақұлбеков бельгиялық Марк Ледумен кездеседі.
MS8 санаты – аяқтың немесе ойын қолының орташа зақымы бар спортшылар.
Бұған дейін Камила Досмалова Паралимпиада ойындарында бразилиялық спортшы Силвана Майаре Кардозо Фернандеске қола медаль үшін 28:3 есебімен жеңіліп, Олимпиаданы аяқтаған болатын.
Бірінші күні волейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиададағы қарсыластарын жеңген.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Милана Красавцева Париждегі Паралимпиададағы алғашқы жекпе-жекте Доминикан Республикасының қарсыласы Элизабет Диасты жеңген болатын.
Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев қазақстандық паралимпиадашыларды Париждегі ойындарда өнер көрсету барысында қолдауға шақырады.