Психолог кеңесі: Баланы мектепке қай жаста берген дұрыс? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Психолог кеңесі: Баланы мектепке қай жаста берген дұрыс?

02.09.2024
0
Психолог кеңесі: Баланы мектепке қай жаста берген дұрыс?

Баланы қай жаста мектепке беру керек? Бұл ата-аналарды жиі мазалайтын сұрақ. Ертерек берген дұрыс па, әлде баланың ерекшелігіне, дамуына назар аударған жөн бе? Мұндай жағдайда мамандар не дейді? altyalash.kz бұл туралы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандардың пікірінше, баланы 5 жасында мектепке беру дұрыс емес. Олардың айтуынша, бұл жаста балалардың физикалық, интеллектуалдық және эмоционалдық даму деңгейі мектептің талаптарына сай келмеуі мүмкін.

Әдетте балаларды 6-7 жасында мектепке беру ұсынылады. Бірақ шешім қабылдағанда оның жеке ерекшеліктерін, дайындық деңгейін және әлеуметтік ортасын ескеру керек. Кейбір балалар бұл жаста да мектепке дайын болмауы мүмкін. Мұндай кезде баланы қинамай, оқуды бір жыл кейінге қалдыру қалыпты жағдай.

Алайда мамандар баланың дамуына бала кезден назар аударуға кеңес береді, егер оның дамуы тежелсе, бірден мамандарға жүгінген дұрыс.

Психолог, ізгілік педагогика ұстазы Аяулым Бақытова бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, балада “мен” деген түсінік қалыптаспайынша, мектепке бермеген дұрыс.

– Әдетте 7 жаста әлеуметтік тұрғыдан балада “Мен” деген түсінік қалыптасады. Бала “оқушы” сияқты жаңа позицияның мәнін түсіне бастайды. Кешегі ойын баласы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, өмірінде болатын үлкен өзгеріс, жаңа қоғамға ену, өзіне жаңа міндеттерді жүктеу, жаңа ортаға бейімделу, қарым-қатынаста болу, яғни жетілу сынды даму сатысында болады. Ендеше, бала психикасы да өзгеріп, ішкі эмоциялары қалыптаса бастайды, түрлі қызығушылықтары оянып, өзінің орнын бағалауға бейімделеді.

Психологиялық тұрғыдағы даму көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ: қабылдау қабілеті аналитикалық сипатқа ие болып, білуге құштарлығы зор болады; есте сақтаудың механикалық түрі іске қосылады; ойлаудың көрнекі-бейнелі түрі жетекші болады; сөйлеу тілі сипаттауға ыңғайланады; психикалық іс-әрекеттің ырықсыз қалыптарынан ырықты қалыптарына біртіндеп өте бастайды. Соған сәйкес, баланың оқуға деген мотивациясы мен қызығушылығы оянып, ниеті мен дағдысы қалыптаса бастайды; оқу әрекетіне белсенділігі артады; танымдық ой-өрісі арта жетіледі.

Жалпы айтқанда, 7 жастағы бала дамып, оқуға толық дайын болады. Сол себепті осы жас – мектепке баруға нағыз қолайлы жас, – дейді маман.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бүгін президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанадағы жаңа мектептің ашылуына қатысты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.