Бүгін “Ұлы дала жорығы” халықаралық ат бәйгесінің екінші күні – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Тамыз 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгін “Ұлы дала жорығы” халықаралық ат бәйгесінің екінші күні

04.09.2024
0
Бүгін “Ұлы дала жорығы” халықаралық ат бәйгесінің екінші күні
фото Aikyn.kz
Бәйге жолына шыға алмай қалған сәйгүліктердің дені аяқтарынан ақсап қалғанға ұқсайды

Сонымен бүгін “Ұлы дала жорығы” халықаралық ат бәйгесінің екінші күні басталды. Бүгін жарыс жолына барлығы 85 аттың 76-ы жолға шықты. Демек 9 ат жарысқа қатыса алмайды деген сөз. “Жорық ат спорты” федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбековтың айтуынша, жарысқа шыға алмаған аттардың денсаулығы сыр берген көрінеді.

Айталық, Қарашай-Черкесс командасынан 1 ат, Ақмола облысының қыздар командасынан 1 ат, Түркия командасынан 2 ат, Венгриялық 1 ат, Ирандық 2 ат, Татарстан командасынан 2 ат жарыс жолынан шығарылған. Бәйге жолына шыға алмай қалған сәйгүліктердің дені аяқтарынан ақсап қалғанға ұқсайды.

“Жол қиын болды. Атым тұяғынан ауырсынып тұр. Бірде борпылдақ, бірде тастақты жермен жүргендіктен аттар жер қыртысына бейімделе алмай қалды деп ойлаймын. Алғашқы 50 шақырымды жақсы еңсергенмен соңғы елулікте жаңбыр жауып, жол тайғақ боп кетті. Астымдағы ақ бозым осындай кезде табанын тасқа тілгізіп алды”, – дейді Қарашай-Черкесс командасында жолдан шыққан шабандоз Катя Горбунова.

Ұзақ жолда аттардың нағыз бабы мен жарамдығын бағалау енді басталғандай. Атбегілер мен шабандоздар алғашқыдай емес, өте сақ. Аттың әр қимылы мен оның мінез көрсету әрекеттерін қалт жібермеуге көшкен. Венгриялық атбегі Қуат Үсеновтің айтуынша, жарыс жолынан шығарылған аттарының тамыр соғысы жиілеп кеткен көрінеді. Оған ауа райы қатты әсер етуі де мүмкін екенін айтады атбегі.

“Менің аттарым – Алматылық асыл тұқымдылар. Венгрлік шабандоздардың таңдауы біздің жүйріктерге түскен соң екеу ара келісіп жарыс жолына шықтық. Ат пен шабандоз бірін-бірі түсініп, үйренісіп кеткенше уақыт қажет. Енді барлығы дұрыс болады деген ойдамын”, – дейді атбегі Қуат Үсенов.

Келесі 50 шақырымды басып өткеннен кейін де аттардың денсаулығы тексеріліп, барлық жағынан сараланатыны белгілі.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Тазы – ежелгі қазақы ит тұқымы». FCI-дың әдепкі шешімі жарияланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

30 жас қазақстандық «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.