Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 21 СПОРТ ТҮРІНЕН 97 МЕДАЛЬ ЖИЫНТЫҒЫ САРАПҚА САЛЫНАДЫ

Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. Оның ішінде, жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын адамдар кіреді. Бұл туралы ОКҚ қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев хабарлады.

«Ойындарда 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны – 581 дана. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры – 250 млн теңге», – деді спикер.

Ғылыми бағдарламаға 12 елден 75 қатысушы тіркелген. Ғылыми конференция 9 қыркүйек күні өтеді. Ал этноауылда 100-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада мас автоледи жазадан құтылу үшін жүктілігі туралы өтірік айтты

admin_altyalash

Жаңа мәдениет нысанының ашылғанына өте қуаныштымыз

admin_altyalash

Жалған ақпаратқа қарсы орталық жаңа шығарылымда жасанды «ақпараттық толқындарды» талдады.

admin_altyalash