МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ: 17 БАЛА АУРУХАНАДАН ШЫҒАРЫЛДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ: 17 БАЛА АУРУХАНАДАН ШЫҒАРЫЛДЫ

10.09.2024
0
МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ: 17 БАЛА АУРУХАНАДАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Бүгінгі таңда Көпфункционалды облыстық балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 17 бала ем алуын аяқтап, ауруханадан шығарылды. Олардың бәрі де үйде болса да дәрігерлер бақылауында және барлығының жағдайы жақсы. Стационарда 75 бала емін жалғастыруда, олардың да жағдайы тұрақты деп бағалануда. Жан сақтау бөлімінде науқастар жоқ.Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауру шыққан кезден бастап (2024 жылғы 6 қыркүйек) облыстың медициналық мекемелерінде осыған балама белгілермен, яғни қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған. Соның ішінде  92 бала ауруханаға жатқызылған.

Барлық науқастар антибактериялық және дезинтоксикациялық, сонымен қатар симптоматикалық ем алуда. Дәрігерлер ішек микрофлорасын қалпына келтіру және регидратациялау бойынша заманауи әдістерді қолдануда, бұл науқастардың бойында аурудың белгілерін едәуір төмендетуге септік етті.

8 қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау министрлігі Шұғыл медициналық Ұлттық үйлестіру орталығы мамандарының қатысуымен телемедициналық консультация өткізілді. Сондай-ақ осы өңірге Астана медициналық университетінің инфекционист және гастроэнтеролог мамандарының бір тобы жөнелтіліп, олар қазір емді үйлестіру ісін жалғастыруда.

10 қыркүйекте министрдің тапсырмасымен өңірге денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев барды. Ол науқастар жатқан ауруханаға барып, медициналық персоналмен жолықты. Вице-министр сонымен қатар дәрігерлер және жергілікті билік тарапынан дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқанын және емделіп шығатын балалар саны арта беретінін жеткізді.

Бұл жағдай денсаулық сақтау министрінің жеке қадағалауына алынған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бүгінгі жастар – біздің ұлтымыздың болашағы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жеңісті Қазақстанға арнаймын»: Астанада Паралимпиада жүлдегерлерін қалай қарсы алды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.