Үкіметтің баспасөз қызметі журналиске салынған шектеуді түсіндірді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкіметтің баспасөз қызметі журналиске салынған шектеуді түсіндірді

10.09.2024
0
Үкіметтің баспасөз қызметі журналиске салынған шектеуді түсіндірді
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Мақсат Төлегенов Press.kz тілшісі Жания Ұранқаеваға Үкімет үйіне кіруге неге тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алдымен бұл мәселеге Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова пікір білдірді.

Журналист Жания Ұранқаеваны жақсы білемін. Ол – азаматтық пікірі бар, белсенді адам. Мен бұл ақпаратты алдым. Үкімет үйі маңызды нысан саналады. Әр объектінің өз регламенті бар. Тіпті, бізге осында кіру үшін арнайы талаптар қойылады. Сондықтан осы нысанға келіп-кетушілер регламентті сақтауы керек. Мендегі ақпаратқа сәйкес Жания Ұранқаева осы ғимаратта болудың ішкі регламентін бұзған. Үкіметтің бөлімшесі (баспасөз қызметі) Жания Ұранқаева осы талапты бұзғанын айтып отыр, – деді вице-премьер.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Мақсат Төлегеновтің айтуынша, Жания Ұранқаева аккредитациясынан айырылмаған, тек Үкіметке кіруге шектеу қойылған.

Жания Ұранқаеваға бірнеше рет ескерту жасалды. Tik-Tok-тағы оның жеке парақшасында видео бар. Ол мені (видеоға) жазған. Мен онда нысанның ішкі ережесі барын айтқанмын. Оған сәйкес 2-қабаттағы баспасөз орталығында, баннерде спикерді жазып алуға болады деп түсіндірдім. Енді 3-қабатта (Үкімет отырысы өтетін орын) спикерлерді түсіруге болмайды деп Жанияға бірнеше рет айтқанмын. Ол ережені бұзды. Осының негізінде тиісті шешім қабылданды, – деді Мақсат Төлегенов.

Алайда баспасөз қызметінің жетекшісі журналистің нақты қандай ереже бұзғанын нақтыламады.

Бұған дейін қазақстандық журналист Үкіметке кіру құқығынан айырылғаны хабарланған еді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары финалға өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Аударыспақтан барлық спортшы финалға шықты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.