Биылғы тамызда Астанада «JUMYSTAP.kz» сервистік платформасы іске қосылды. Платформа жұмыс іздеушілерге жұмыс табуды жеңілдетеді, ал жұмыс берушілер кадрларға деген қажеттіліктің орнын толтыра алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«JUMYSTAP.kz» платформасына бір ай ішінде астананың 600-ден астам ірі және желілік жұмыс берушілері қосылды. Мұнда цех операторларының позициясынан бастап дизайнердің қашықтан жұмыс істеуіне дейінгі экономиканың барлық негізгі салалары бойынша қызметкерлер мен тапсырыс берушілерді іздеу туралы мыңнан астам хабарландыру ұсынылған.
«Сайт өте ыңғайлы, жұмыс берушілерге Whatsapp арқылы тікелей жаза аласыз. Көптеген жұмыс орындары күн сайын жаңартылады. Мен бірнеше ай бұрын Астанаға көшіп келіп, ыңғайлы кестемен жұмыс іздеп жүрмін. Ендігі дүкенге тағылымдамадан өту жөнінде хабарластым», – деді платформаның қолданушысы Әсем.
Бастапқыда платформа тек «JOLTAP» жобасының түлектеріне арналған. Алайда көптеген адамның өтініштері бойынша тіркеу барлық адамдар үшін ашық болып отыр.
Тігін ісі бойынша курстардың түлегі Айнұр Астанадағы жұмыссыздықпен күресудің кешенді әрі тиімді тәсілін ерекше атап өтті.
«Жоба ұйымдастырушыларына осындай мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен көптен бері тігін шеберлігін игергім келіп жүрген. Қаңтар айынан бастап жаңа өмір бастауға шешім қабылдап, «Встреча» сауда үйінің жанындағы «JOLTAP» жобасының модульдік пунктіне бардым. Маған барлық қолдау шаралары бойынша кеңес беріліп, оқуға жазылдым, бірнеше айдан кейін оқу сыныбына шақырылдым. Сыныптар жоғары деңгейде жабдықталған. Бір ай бойы бізге тігін практикасы үйретілді. Бізді үнемі жоба тобы алып жүрді. Сертификат алғаннан кейін де маған платформада тіркелуге көмектесті. Платформа арқылы мен түрік-қазақ тігін фабрикасында бос орын барын біліп, осында екі аптадан бері жұмыс істеп жүрмін», – деп бөлісті қала тұрғыны.
«JUMYSTAP.kz» платформасында «JOLTAP» жобасының түлектеріне 15 дағды бойынша – 7 цифрлық (SMM, сайттарды әзірлеу, бейнемонтаж, Графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) және 8 жұмыс дағды (тігінші, сәнгер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, Сатушы – кассир, электр газбен дәнекерлеуші) ұсынылды, бариста, аяқ киімді жөндеу) бойынша жұмыстар ұсынылған.
Платформа жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де ақысыз және комиссиясыз әрі делдалдарсыз. Хабарландырулар мен ізденушілер пулы бойынша ыңғайлы іріктеу қарастырылған. Платформа туралы барлық сұрақтар бойынша «JOLTAP2» жобасының Call-орталығына хабарласуға болады: +7 707 221-31-31.