Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Азат Перуашев партиядағы орынбасары ұсталғанын растады

Фото: akzhol.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғанын растады. Бұл туралы журналистерге аталған партияның төрағасы Азат Перуашев айтты, – деп хабарлайды altyalash.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кеше партияласым Дмитрий Васильевтің ұсталғаны туралы ресми жауап (Ұлттық қауіпсіздік комитетінен) алдық. Оның адвокаттарымен байланысқа шығуға тырыстық, алайда хабарласу мүмкін болмады. Сондықтан адвокаттардың берген жауабынан кейін істің мән-жайын анықтаймыз», – деді А.Перуашев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Дмитрий Васильевтің қай бап бойынша ұсталғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Осы жағдай бойынша таяу арада партияның сайтында қосымша ақпарат беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағандылық жас робототехниктер АҚШ пен Қытайда Қазақстан намысын қорғайды

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 400 ПӘТЕРЛІК 10 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_altyalash

Биыл декларация тапсырмаған жеке кәсіпкерлерге айыппұл салынады

admin_altyalash