Аида Балаева X Петербург халықаралық мәдени форумына қатысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Аида Балаева X Петербург халықаралық мәдени форумына қатысты

13.09.2024
0
Аида Балаева X Петербург халықаралық мәдени форумына қатысты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен қазақстандық делегация Санкт-Петербургте оныншы Халықаралық мәдени форумға қатысып жатыр. Бұл іс-шара 80 елдің өкілін жинап, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен мәдени мұраны сақтау және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылау алаңына айналды.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аида Балаева өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды сақтауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

«Дәстүрлі және отбасылық құндылықтар – қуатты қоғамның негізі, ал оны нығайтатын – үздіксіз дамып жатқан мәдениет саласы. Мәдениет жас ұрпақты өнер әлеміне баулып, әдемілікті түсінуді қалыптастыруға, эмпатия мен гуманизмге ашық болуға әсер етеді. Ол адамды сан алуан ойға жетелеп, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезінуге міндеттейді», – деді министр.

Аида Балаева сондай-ақ театр, концерттік іс-шаралар, музей ісі мен креативті индустрияны қамтитын үш жылдық мәдени ынтымақтастық жоспарын әзірлеуді ұсынды. Бұл жоспардың басым бағыттарының бірі – дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттау. Бұл бағытта алғашқы қадам ретінде дәстүрлі және отбасылық құндылықтарға арналған көркем фильмнің үздік сценарийіне халықаралық конкурс ұйымдастыру, экология мен қоғамдық мәдениет тақырыбында халықаралық суретшілер фестивалін өткізу ұсынылды.

Форумның панельдік сессияларында Қазақстан мәдениет қайраткерлері – Astana Ballet театры директорының орынбасары Валерий Кузембаев пен ҚР Ұлттық музейінің директоры Айбек Сыдықов та сөз сөйледі. Олар ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ой-пікірлерін бөлісіп, халықаралық мәдени жобалардағы қазақстандық тәжірибені таныстырды.

Сонымен қатар, X Петербург халықаралық мәдени форум аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен РФ Мәдениет министрі Ольга Любимова мәдени ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов Шымкентте ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінің дамуымен танысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.