Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен одан әрі ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалаймыз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Тамыз 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен одан әрі ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалаймыз

19.09.2024
0
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен одан әрі ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалаймыз

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) вице-президенті Константин Лимитовский бастаған делегация мүшелерімен кездесу өткізді. 

Диалог барысында қонақтарға еліміздегі қазіргі макроэкономикалық жағдай, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібі саласындағы жаңа бағдарламалар мен жобалар туралы ақпарат берілді.

Банк қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Қазақстанда көлік, энергетика, су және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мен салуға бағытталған Үкіметтің бастамаларына ерекше назар аударылды.

«Біз Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен одан әрі ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалаймыз. Қазақстанның жаңа инвестициялық циклге аяқ басып отырғанын әрі бүгінгі таңда халықаралық қаржы институттарымен қатар жеке инвесторларды да инвестициялық тұрғыдан қызықтыратын бірқатар ірі жобаларды ұсынып отырғанын атап өткім келеді», — деді вице-премьер.

Константин Лимитовский Қазақстан АИИБ құрылтайшыларының бірі ретінде банкті құру мен дамытуда елеулі рөл атқарғанын атап өтті. Ынтымақтастықты кеңейтудің орасан зор әлеуетін мойындай отырып, АИИБ Қазақстанның Ұлттық даму жоспарын табысты жүзеге асыруға үлес қосуға, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін декарбонизацияға деген ұмтылысын қолдауға дайын.

АИИБ мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі арасындағы кездесу аясында үш жылдық инвестициялық жоспарды бірлесіп әзірлеу ниеті туралы Декларацияға қол қойылды, ол ықтимал қаржыландыру үшін секторларды, салалар мен жобаларды көрсететін болады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Пәтерін жалға беретіндердің бірыңғай тізілімін құру ұсынылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордада алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.