Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Теміртауда өзгенің көлігінен қомақты ақша ұрлаған жасөспірімдер ұсталды

Теміртауда өзгенің көлігінен қомақты ақша ұрлаған жасөспірімдер ұсталды, – деп хабарлайды altyalash.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 13 және 14 жастағы жасөспірімдер ұсталды. Белгілі болғандай, жасөспірімдер түнгі уақытта қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөліктің ішіне кіріп, одан 4 миллион теңге ақша ұрлап кеткен. Күдіктілер жасаған қылмыстары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тәртіп сақшыларымен айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан мұнай индустриясының 125 жылдығына орай сала ардагерлеріне марапаттар табыс етті

admin_altyalash

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, емханаларға еш қиындықсыз кіре алу өте маңызды

admin_altyalash

Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр – депутат

admin_altyalash