Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Біз күш біріктіріп, бірыңғай заңды ұйым құруға шешім қабылдадық

Фото: gov.kz
Қазақстанда спорт саласындағы БАҚ, блогерлер мен комментаторлардың жаңа қауымдастығы құрылды, – деп хабарлайды altyalash.kz Aikyn.kz.-ке сілтеме жасап.
Қауымдастық өз мүшелерінің құқығын қорғап, спорт журналистикасындағы проблемаларды шешеді.

Қауымдастықтың құрылғаны туралы Қазақстан футбол федерациясының жақында өткен медиа-комиссиясының отырысында белгілі болды.

Басшысы белгілі комментатор және «Бірінші бол»  YouTube-жобасының резиденті Олжас Байбосын. Отырыс барысында оның орынбасарлары тағайындалды, ұйымның жаңа мүшелері ант қабылдады.

Қауымдастықтың вице-президенті танымал комментатор Ербол Каиров болды. Ұйымның негізгі міндеті спорт журналистері мен блогерлерінің заңды құқығын қорғау.

«Біздің басты мақсатымыз спорт журналистерінің құқығын қорғау, сондай-ақ құзыретті органдарға жүгінбес бұрын проблемаларды өз ішімізде талқылау.  Бұрын біздің әріптестеріміз төмен жалақыға, қосымша ақының жоқтығына, еңбек құқықтарының бұзылуына жиі шағымданатын және өз беттерінше оны шеше алмайтын. Сондықтан біз күш біріктіріп, бірыңғай заңды ұйым құруға шешім қабылдадық», – дейді Байбосын.

Ұқсас жаңалықтар

Найзағай, тұман: 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамы

admin_altyalash

Әлі толық зерттелмеді – Аида Балаева ЛГБТ-ға қарсы петиция туралы қандай шешім қабылданғанын айтты

admin_altyalash

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ресей және Өзбекстанға барады

admin_altyalash