Қорғаныс министрлігі “Тіл – татулық тірегі” байқауын қорытындылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі “Тіл – татулық тірегі” байқауын қорытындылады

21.09.2024
0
Қорғаныс министрлігі “Тіл – татулық тірегі” байқауын қорытындылады

Оған Әуе қорғанысы күштерінің, Құрлық әскерлерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әскери полиция бас басқармасының, Тыл бастығы басқармасының, Байланыс департаментінің, Ұлттық қорғаныс университетінің және 32039 әскери бөлімінің командалары қатысты.
Бес адамнан тұратын командалар құрамында мемлекеттік тілді білетін үш өзге ұлт болды.
Бірінші кезеңде олар қазақ ақындарының өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер, сондай-ақ көркем шығармалардан монологтар оқыды.
Содан кейін әр команда қазақ әдебиеті шығармаларының негізінде алдын ала дайындалған театрландырылған қойылым көрсетті. Негізгі талап – барлығы Отанды сүюмен, ұлттық құндылықтарды, мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеумен байланысты болуы керек. Одан өзге, қойылымдар жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге ықпал ететін көрнекті тұлғаларға, тарихи фактілерге арналды.
Соңғы кезеңде байқауға қатысушылар Қазақстанда тұратын этностардың әнін немесе биін орындады.
Қазылар алқасы баға қою кезінде мәтінді білуді, оқудың мәнерлілігін, қазақ тілін меңгеру деңгейін, көркем үзінді идеясын аша білуді, сахналық шеберлікті, орындаушылық және би қабілеттерін ескерді.
Іс-шараның жеңімпаздары мен қатысушыларын Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы құттықтады. Ол Қарулы күштерде мемлекеттік тілді қолдану аясы жылдан жылға кеңейіп, қазақ тілін меңгерген өзге ұлт әскери қызметшілерінің саны артып келе жатқанын атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 32039 әскери бөлімінің атынан қатысқан “Жаубасар” командасы жеңіп алды. Екінші орынды Әскери полиция бас басқармасының “Тәртіп сақшылары” командасы, үшінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерінің “Алаш” командасы иеленді.
“Көрермендер көзайымы” номинациясын Ұлттық қорғаныс университетінің намысын қорғаған майор Мақсатбек Тукуев иеленді, “Актерлік шеберлік” – Байланыс департаменті “Арыстан” командасының мүшесі кіші сержант Гүлсапар Әбдікәрім, “Көркем сөздің шебері” номинациясын – Әуе қорғанысы күштерінен капитан Шехзод Сабиров иелік етті.
Жеңімпаз командалар Қорғаныс министрінің атынан грамоталар мен ақшалай сертификаттар алды. Жалпы байқау мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге, басқа ұлт өкілдерін қазақ тілін меңгеруге ынталандыруға және халықтар достығын нығайтуға бағытталған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қарулы күштердің әскери қызметшілері жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалғасуда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.