Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Бейбіт Исабаев: Диорит өндіру толығымен тоқтатылды, Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды

Талдықорған қаласының инфрақұрылымдық нысандарын аралау аясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қызылтас шатқалына қатысты жағдайға пікір білдірді. Өңір басшысының айтуынша, петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге мүлдем тыйым салынады. Енді Қызылтастың бірегей петроглифтері жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында ел Президенті бай мәдени мұрамызды сақтау үшін бірегей тарихи нысандарымызды, атап айтқанда петроглифтерді бүліну мен вандализмнен қорғау керектігін атап өтті. Экологтармен, жұртшылықпен, құзырлы органдармен бірлесіп, «Тасбақа» тас пен жартастағы петроглифтерді сақтау үшін қажетті шараларды қабылдадық.  Карьерді игеру заң аясында тоқтатылды. Тиісті сот шешімі бар. Яғни, бірлескен күш-жігердің арқасында бұл мәселенің де мәнісі табылады. Енді «Тасбақа» тасты бірінші кезекте жергілікті, одан кейін облыстық маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу үшін жұмыс жасайтын боламыз. Алдағы уақытта біз қала тұрғындарының сүйіспеншілігіне бөленген бұл бірегей нысанды одан әрі дамытып, қалай сақтау керектігін жоспарлаймыз, – деді облыс әкімі Б. Исабаев.

Аймақ басшысы 3 қазанда Қызылтас жотасының бойында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экоакция өтетін айтты. Сонымен қатар, барша қала тұрғындарын «Тасбақа» тасты сақтау үшін маңызды шараға қатысуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Оралда құрбандық шалу кезінде газ баллоны жарылды

admin_altyalash

Көркем гимнастикадан әлем чемпионы атанған елордалық спортшы «Үздік-2025» сыйлығына ие болды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

admin_altyalash