Жылына кемінде 85 мың контейнерді ауыстырып тиеу жүзеге асырылады деп болжануда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жылына кемінде 85 мың контейнерді ауыстырып тиеу жүзеге асырылады деп болжануда

25.09.2024
0
Жылына кемінде 85 мың контейнерді ауыстырып тиеу жүзеге асырылады деп болжануда

Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Тараптар Қытай – Еуропа қатынасында және 2029 жылдың соңына дейін кері бағытта Қытайдан ТХКБ бойынша жүк ағынының болжамды көлемін талқылады. Осылайша, тараптар бірлесіп 2025-2026 жылдары ТХКБ бойынша тасымалдау көлемін жыл сайын 600 контейнерлік пойызға дейін, 2027 жылы 1000-ға дейін және 2029 жылы 2000-ға дейін ұлғайтады.

Бұдан бөлек, қазақстандық тарап контейнерлерді уақтылы тасымалдау және транзиттік контейнерлік пойыздар санының өсуіне сәйкес кідірістерге жол бермеу үшін отандық порттарда тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдайды. Мәселен, 2025 жылы жылына кемінде 50 мың стандартты контейнерді, 2026-2029 жылдары жылына кемінде 85 мың контейнерді ауыстырып тиеу жүзеге асырылады деп болжануда.

“Бүгін біз Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2023 жылы тасымалдау көлемі 2,76 млн. тоннаны құрады, бұл 2022 жылдан 65%-ға жоғары (1,7 млн. тонна). Маршруттың қазақстандық учаскесінде «Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің екінші жолдарын, «Алматы» айналма теміржол желісін, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Дарбаза – Мақтарал жаңа теміржол желісін салу сияқты бірқатар жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Ақтау және Құрық теңіз порттарының әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Ақтау портында «Контейнерлік хаб» салынады, бұл тасымалдау көлемін жылына қосымша 300 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрық портында ағымдағы жылы астық терминалы іске қосылады. «Саржа» көпбейінді терминалының құрылысы жүргізілуде. Кемелердің 6 метрге дейін кіруі үшін жеткілікті тереңдікті қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Құрық портын түбін тереңдету жүргізіледі. Осындай жұмыстарды Ақтау портында да жүргіземіз. Бұл шаралар Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігін жылына 30 млн.тоннаға (+10 млн. тонна) дейін арттыруға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті қазақстандық тарап.

Екі тарап көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы екіжақты қатынастарды дамытудың оң динамикасын атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығы енді мемлекеттік қорғауда болады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ақтауда халықтық штаб Қ. Сыдиықов атындағы кітапхана қызметкерлерімен кездесті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.