Бүгін кезекті мониторинг кезінде қызық ақпаратқа тап болдым.
Әлемнің озық фининституттары мен банктері бірігіп, атом энернетикасын қолдау туралы шешімге келіпті. Бұл туралы financial times хабарлады
Бұны институттар әлем экономикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру мен экологияны сақтау мақсатында жасалғанын айтады.
Әлемнің озық 14 банкі енді осы саланы қолдау арқылы жоспарда тұрған жобаларды жылдам іске асыруды көздеп отыр делінеді таратылған хабарламада.
Ядролық энергетика саласындағы мамандар осындай банктердің қолдауы арқасында стансалардың салынуын арзандатуға мүмкіндік беретінін алға басады.
Енді бұдан әлемде атом энергетикасына сырттан ақша тартудың тағы да бір мүмкіндігі пайда болатынын түсінуге болады. Демек стансалар да көбейетін түрі бар.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.