Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

Жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау басталды

Талантты авторларды қолдап, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңыздылығын ашуды көздейтін «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады.

Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін дәріптеу. Мұғалімдер, дәрігерлер, кеншілер, фермерлер, құрылысшылар, журналистер, музыканттар, кітапханашылар сынды түрлі саланың мамандарының еңбегі жас қаламгерлердің шығармалары арқылы насихатталады.

Бұл байқау тек мамандықтың ерекшелігін ашып көрсетумен шектелмей, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, олардың армандары мен күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын көркем түрде бейнелеуді талап етеді. Байқау жас авторларға еңбек адамдарының рухын, олардың ерекше қасиеттерін ашып, жаңа образдар жасауға мүмкіндік береді.

«Жеңімпаз келесі жылы, яғни 2025 жылы Республика күнінде анықталады. Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ең үздік кітаптың жарық көруін және бүкіл ел бойынша таралуын қамтамасыз етеді», – деп жазды Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында.

Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМҒА ҚҰШТАРЛЫҒЫ – ПАТРИОТИЗМНІҢ КӨРІНІСІ

admin_altyalash

«2 баласы бар жалғызбасты ана»: Алматыда адамдарды қағып кеткен автобус жүргізушісі жайлы әкесі айтып берді

admin_altyalash

Сөз бостандығы – тек жеке адамның құқығы емес, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін арттыратын стратегиялық ресурс

admin_altyalash