Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Көлік мінді көкпаршылар

фото: ашық дереккөз
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен көкпардан Қазақстан құрамасы марапатталды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен көкпардан Қазақстан құрамасы марапатталды.

Алдымен ат үстіндегі спортшыларды құрылыс холдингінің акционері, кәсіпкер Бауыржан Исабаев құттықтады. Ол құрамадағы 12 жігітке Chevrolet  автокөлігін мінгізді. Исабаев қазіргі кезде Қазақстан көкпар федерациясын басқарады.
Одан кейін Президент жарлығымен құрама мүшелеріне «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.

Айта кетейік, 12 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар ойынында финалда Қазақстан Қырғызстан құрамасын жеңген. Бұл кездесу арты үлкен резонансқа ұласып, қырғыз жанкүйерлері әділетсіздік болды реніштерін білдірген еді. Ал көкпаршылары марапат аяқталғанын күтпей трибунадан кетіп қалды. Кейіннен 1 қарашада реванш ойнауға шақырған. Бірақ Қазақстан бармайтынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақтастық Қазақстанда волейболды қолдау мен дамытуға, жастар арасында спортты танымал етуге бағытталған

admin_altyalash

Қазақстанда жанармай бағасы бекітілді

admin_altyalash

Астанада әлемнің 13 елінен 3000-нан астам жас инженер бас қосады

admin_altyalash