Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Сүт өндірісіне заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді

1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жөніндегі жобаны іске асыруды «Буденное-СК» ЖШС 2023 жылдың мамырынан бастады. Жаңа СТФ жобалық қуаты жылына 10,0 мың тонна сүтті құрайды,-деп хабарлайды altyalash.kz .

Жобаға инвестиция көлемі 7,8 млрд теңгені құрайды, оның 5,3 млрд теңгесі – қарыз қаражаты, ал 2,5 млрд теңгесі – компанияның меншікті қаражаты.

Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Шатыр жұмыстары жүргізілуде, қасбетке сэндвич панельдер, газгольдерлер орнатылуда. Сонымен қатар, қажетті жол жабыны салынды және электр желілері жүргізілді, бұл фермаға ыңғайлы қол жетімділікті және тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, өңірде қазірдің өзінде 302 СТФ жұмыс істейді, оның ішінде 400 және одан да көп бастары бар 98 заманауи фермалар. Жаңа ферманың құрылысы қосымша жұмыс орындарын ашады және сүт өндірісіне заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Енді қазақстандықтарға тұтынушылық несие беруге тыйым салынады

admin_altyalash

Автожол саласын дамытудың 2026 жылға арналған жоспарлары айқындалды

admin_altyalash

Көрермендер талабымен «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа қайта шықты

admin_altyalash