Берік Уәли: Президентке Қазақстанның БРИКС-ке қосылуына қатысты ұсыныстар түскен – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Берік Уәли: Президентке Қазақстанның БРИКС-ке қосылуына қатысты ұсыныстар түскен

16.10.2024
0
Берік Уәли: Президентке Қазақстанның БРИКС-ке қосылуына қатысты ұсыныстар түскен

Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан мұқият қарастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

– Жуырда (23-24 қазан күндері) Қазан қаласында БРИКС саммиті өтеді. Бізге белгілі болғандай, аталған құрылымға төрағалық етіп отырған Ресей Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты форумға қонақ ретінде шақырған…

– Президенттің жұмыс кестесінде оның БРИКС саммитіне қатысуы қарастырылғаны рас. Мемлекет басшысы 24 қазан күні құрылымның «аутрич» форматындағы кеңейтілген құрамда өтетін жиынында сөз сөйлейді.

– Әзербайжан мен Беларусь БРИКС құрамына кіру үшін өтінім беріп қойды. Сонымен қатар ТМД-ның өзге елдері де ынта білдірген болуы мүмкін. Қазақстанның БРИКС-ке қатысты ұстанымы қандай? Біздің еліміз аталған халықаралық құрылымға мүше болуды жоспарлап отырған жоқ па?

– Қазақстан БРИКС-тің даму эволюциясын қызығушылықпен мұқият бақылап отыр. Біздің еліміз осы құрылымның негізін қалаған мемлекеттер басшыларының қандай да бір алпауыт державаның гегемониясынан азат, әділетті әрі демократиялық әлемдік тәртіп құру туралы бастамасын қолдайды.

Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Халықаралық қауымдастықтың жауапты және беделді мүшесі ретінде біздің елімізге мұндай ұсыныстың түсуі қалыпты дүние.

Бұл ұсынысты Мемлекет басшысының өзі мұқият қарастырып отыр және оның тапсырмасы бойынша тиісті ведомстволар Қазақстанның ұлттық мүдделері тұрғысынан талдау жүргізіп жатыр.

Еліміз құрылымға мүше болуға және осы бірлестіктің даму перспективаларына қатысты басқа да мәселелерді қараудың көп сатылы процесін ескере отырып, қазір және жақын болашақта БРИКС-ке мүше болуға өтініш беруден қалыс қалады.

– Мұндай жағдайда қазақ дипломатиясы қай ұйымға басымдық бермек?

– Президент бұған дейін бірнеше рет БҰҰ-ны әлемдегі әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым ретінде атаған болатын. Сондай-ақ осы Ұйымда барлық өзекті халықаралық проблемаларды, соның ішінде әділетті әлемдік тәртіп құруға қатысты мәселелерді талқылау керек деген ұстанымын білдіргені жұртшылыққа мәлім.

– Алайда БҰҰ қауқарсыз ұйымға айналды деген пікір де жоқ емес қой…

– Президенттің пікірінше, БҰҰ да кемшіліксіз емес. Бірақ дәл сондай басқа ұйым жоқ. Сондықтан БҰҰ-ға әлемдік қауымдастықтың қолдауы ауадай қажет.

БҰҰ Жарғысы халықаралық құқықтың негізі болуы керек және бұл іргелі құжатта бекітілген қағидаларды бұзуға ешкімнің қақысы жоқ.

Президент БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің маңызды әрі тағдыршешті шешім қабылдау ісінде дәрменсіздік танытып отырғанына өкініш білдірген болатын. Сондықтан Мемлекет басшысы «орта державалардың» мүдделерін ескере отырып, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің кең ауқымды консультациялары негізінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалауды бастау қажет деп есептейді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Маңғыстауда табиғи қорықтың 55 мың гектар жері мұнай өндіру үшін жеке компанияға берілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.