фото:ашықдереккөз
Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен ғылымды дамыту шараларын белсенді түрде жүзеге асыруда. Негізгі аспектілердің бірі – аймақтық ғылымды дамытуға баса назар аудара отырып, заманауи ғылыми зерттеулер жүйесін құру қажеттілігі. Бұл ғылымды экономиканың нақты секторымен интеграциялау және инновацияларды ынталандыру үшін маңызды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Шығыс Қазақстан облысында «Мықты аймақ ғылымы – қуатты өңір» тақырыбында көшпелі төралқа отырысы өтті.
Қатысушылар тұрақты экономикалар мен қоғамдарды құруға неғұрлым мақсатты тәсілді қолдана отырып, жаһандық мәселелерді жергілікті контексттер арқылы қалай шешуге болатынын талқылады. Аймақтық инновациялық экожүйелер тұжырымдамасының белсенді дамуы мемлекеттік және жеке секторларды ортақ мақсаттар төңірегінде біріктіреді. Ғылым академиясы ғылыми әзірлемелердегі басымдықтарды анықтау үшін форсайт зерттеулерін жүргізуге назар аударады. Биылғы жылы 20-дан астам форсайт сессиясы ұйымдастырылып, оған ғылым мен бизнестің 400-ден астам сарапшысы қатысты.
Ашылу салтанатында сөз алған Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев өңірлік ғылым өңірдің тұрақты инновациялық дамуының негізі екеніне тоқталып, Қазақстанда ғылымның дамуына үлкен көңіл бөлініп отырғанына назар аударды. Ғылым академиясының негізгі міндеттерінің бірі – ғылымды дамытудың басым бағыттарын анықтау мақсатында форсайттық зерттеулер жүргізу. Осы жұмыс аясында біз Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі ғалымдар мен өнеркәсіп өкілдерімен 20-дан астам аймақтық және салалық форсайт сессиясын өткіздік. Біз сондай-ақ ғылым мен бизнестің 400-ден астам жетекші сарапшыларымен ашық пікірталастар мен сұхбаттар жүргізіп, көптеген жасырын мәселелерді анықтадық. Бұл ретте өңірлік ғылым бірінші кезекте өңірлік экономикалық даму мәселелерін шешуге және аймақтарда жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталуы тиіс. Сондықтан Ғылым академиясының алдына нақты басымдықтарды бөліп көрсету және болашақтағы міндеттерді, өңірлік және салалық мәселелерді шешуге бағытталған ПТФ мен мегагранттардың тақырыптарын анықтау міндетін қояды. Қазіргі уақытта біз 6 басым бағыт бойынша ғылыми зерттеулердің 200 перспективалы тақырыбын анықтадық және өңірлерде «Атамекен» ҰКП, салалық министрліктермен талқылау жүргізіп жатырмыз», – деді Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz