Мектеп оқушылары күзгі каникул кезінде қандай мәдени іс-шараларға тегін қатыса алады? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мектеп оқушылары күзгі каникул кезінде қандай мәдени іс-шараларға тегін қатыса алады?

22.10.2024
0
Мектеп оқушылары күзгі каникул кезінде қандай мәдени іс-шараларға тегін қатыса алады?

фото:ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен күзгі каникул кезінде мектеп оқушыларына бірқатар тегін іс-шаралар ұйымдастырылады.Бұл туралы altyalash.kz  хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық музейде мектеп демалысы кезінде тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында тақырыптық тегін экскурсиялар өткізіледі. Экскурсия барысында оқушылар британдық мүсінші Юнус Сафардиардың туындылары мен отандық суретші Тілеужан Батановтың жеке көрмелерін тамашалай алады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Алтын күз» тақырыбында пленэр, тұмар жасау бойынша шеберлік сабақтары жоспарланған.

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі балалар үшін «Қазақ хандығының билеушілері» жобасы аясында циклдік сабақтар, «Абылай хан» және «Қазақ халық фольклоры: қазақ ертегілері әлемінде» жобасы аясында театрландырылған «Алдар Көсе – менің сүйікті кейіпкерім» музейлік сабақтарын ұйымдастырады.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда «Оқушыларға арналған абономент» жобасы бойынша әр концертке кіру үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы 10 орын тегін қарастырылған.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы «Күзгі демалыс музей аясында» атты апталық өткізіп, оқушылар арасында викториналар, «Таңбалы» музей-қорығы оқушылар үшін қызықты квест-ойын өткізуді жоспарлап отыр.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында осы жылдың қыркүйек айынан бастап арнайы мектеп оқушылары үшін «Ясауитану» клубы мен «Жас археолог», «Жас реставратор», «Жас экскурсовод» үйірмелері тұрақты түрде тегін жұмыс жасап келеді.

Музей педагогикасы жобасы бойынша «Ботай» музей-қорығында балалар үшін тегін көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастырылып, ашық есік күндері өткізіледі. Сондай-ақ, экскурсия барысында «Ботай мәдениетінің археологиялық зерттеулері» инсталляциясы ұсынылады.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Қарахан», «Дәуітбек», «Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенелері, «Ақыртас» сәулет-археологиялық кешені мен «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағына балаларға жыл бойына ақысыз кіру қарастырылған.

2017 жылдан бастап әр айдың соңғы жексенбісінде және каникул күндері мектеп оқушылары үшін «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына тегін кіре алады. Сонымен қатар, Есік және Алматы қалаларындағы мүгедек және көру қабілеті нашар балаларға музей-қорыққа ақысыз кіру қарастырылған.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында оқушылар экспозициялармен танысып, ашық аспан астындағы музейді тамашалай алады.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырып, «Күз қызықтары» шеберлік сағатын өткізеді.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы Арыстанбаб кесенесі, Отырар-төбе және Сапар орталығы ғимараттарына экскурсияларды тегін ұйымдастырады.

«Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» мектеп оқушыларына арнап «Жошы ұлысы: тарихы және мұрасы» тақырыбында тегін көрме ұйымдастырады. Көрмеде Ұлытау өңірінде орналасқан Алтын Орда дәуіріне жататын тарих және мәдениет ескерткіштері таныстырылады.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

20-дан астам азамат кәмелетке толмағанның алаяқтық схемасынан зардап шекті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.