Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарӨнер

Роза Мұқанованың «ЖАРЫҚ ДҮНИЕ» атты шығармашылық кеші өтеді

Үстіміздегі жылы, қазан айының 31-жұлдызында, сағат 17:00
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында жазушы-
драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанованың 60 жасқа
толуына орай «ЖАРЫҚ ДҮНИЕ» атты шығармашылық кеш өтеді.
Кеште автордың шығармаларымдағы жаны– жұмбақ, сыры – тұңғиық,
шешімдері сұрапыл әйелдер образы мен өзге де кейіпкерлері театр
актерлері арқылы сахнаға шығып көрерменмен тілдеседі. Автордың қаламгер
ретінде қалыптасуына әсер еткен маңызды кездесулер мен оқиғалар қосымша
сюжеттік желі арқылы баяндалып, лед-экраннан берілетін архив
материалдары бенефисті мазмұны жағынан толықтырып отырады.
Монологтар мен шағын театрландырылған көріністер Роза Мұқанова
болып сөйлеп, арман-мақсаттарын айтып, жан-дүниесін тануға көмектеседі.
Бенефиске еліміздің белгілі театр майталмандары мен танымал әншілер
қатысады. Атап айтсақ: Лейла Бекназар-Ханинга, Жанат Чайкина, Нұркен
Өтеуіл, Сырым Қашқабаев, Әділ Ахметов, Жанипа Хасенова, Сая
Тоқманғалиева, Жұбаныш Жексенұлы, Өзгеріс Шерікбай, «Қорқыт» этно-
фольклорлық ансамблі, «Жетігеншілер» және «Гүлдер» ансамблі ат
салысады.
Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: 87011202006 Толғанай Бекенова

Ұқсас жаңалықтар

Шыққан күннің шапағындай Шиелі

admin_altyalash

Азия чемпионаты: Еркін күрестен Мейрамбек Қартбай жартылай финалға шықты

admin_altyalash

Әкімдіктер елді мекендерді тасқын судан қорғау үшін кешенді шаралар қабылдауы тиіс

admin_altyalash