Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті

31.10.2024
0
Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті

Елордада бір мезетте үш мыңнан аса домбырашы «Балбырауын» күйін орындап, өнер әлеміндегі бұл ерекше жарқын оқиға Қазақстанның Гиннес рекордтарын тіркеу кітабына енді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды іс-шарада үш мыңнан астам астаналық домбыра үйірмелеріне қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті.

«Қазақстанда мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жобасы 2021 жылдан бастап іске асырылуда. Оның мақсаты – 4 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөпірімдерді тегін үйірмелермен қамту, олардың бос уақытын тиімді өткізіп, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Міне, бүгін Астана қаласында осындай домбыра үйірмесіне қатысатын үш мыңнан аса оқушыны жинап, бір мезетте күй орындатып, еліміздің рекордтар кітабына енуді мақсат тұттық. Әдетте күй үйірмесіне қатысушылар әуелі «Балбырауын» күйінен бастап үйренеді ғой, сондықтан күй атасының осы дауылпаз күйі таңдалды. Сонымен қатар үйірмеге қатысушылардың өнерін бағаламақпыз. Мұндай ауқымдағы іс-шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр», – деді Астана қаласы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру мекемесінің басшысы Ерлан Жалғас.

«Бұған дейін ешқашан бір залда 3200-ден астам музыкант күй немесе басқа музыкалық шығарма орындап көрген жоқ. Бұл жөнінде осы іс-шара осыған дейінгі елімізде орнатылған рекордтарды басып озып отыр. Әлем бойынша да ең үлкен музыкалық рекордтардың бірі болғалы отыр деуімізге болады. Десе де біздің негізгі мақсатымыз – ел аймағы бойынша Қазақстан рекордтар кітабына тіркеу. Ал бұл мақсатымызға бүгін толық жеттік деп айта аламыз. Осы процесті арнайы сарапшыларымыз бақылап отырды. Балалардың санын 8 сарапшы, ал күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы саралады», – деді Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Күй мерекесіне мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да үйірмелердің қатысуымен осындай іс-шаралар жиі өткізіледі.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сіздер өз қатарластарыңыз бен кейінгі ұрпаққа үлгі боласыздар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл мәселе бойынша жақын арада оң шешім болып қалады деп сенемін

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.