Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

фото:Ақорда
«Ақорда» резиденциясында төрт мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің, сондай-ақ Еуропа Одағы өкілдігі басшысының Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысына Франция елшісі Сильван Гиоге, Еуропа Одағының елшісі Алешка Симкич, Финляндия елшісі Янне Хейсканен, Канада елшісі Кристофер Дагган, Бразилия елшісі Марсель Фортуна Биато сенім грамоталарын тапсырды.Қасым-Жомарт Тоқаев елшілермен жүздесу барысында Қазақстан  бейбіт дипломатия қағидатын ұстанатын ел екенін әрі халықаралық аренадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымымен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.

 

Ұқсас жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА БИЫЛ 750 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

admin_altyalash

Санкцияға түскен қазақстандық компания шағым түсіруге оқталды

admin_altyalash

Бұйрық жобасы балалардың барлық санаттары үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ

admin_altyalash