Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Рухани кеш – екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылыстың айқын көрінісі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Чехияның ең беделді сахналарының бірі – «Рудольфинум» концерт залында өнер көрсетті. Әлемнің белді сахналарының бірінде қазақстандық және әлемдік классикалық музыканың жауһарлары орындалды.Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концерт халықаралық аренада еліміздің мәдени имиджін нығайту және Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Рухани кеш – екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылыстың айқын көрінісі.

Еліміздің жетекші музыкалық ұжымдарының бірегейі – Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген кәсіби музыканттардан құралған.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«77,4 пайыз қазақ тілінде»: 96 мың талапкер ҰБТ тапсырды

admin_altyalash

Темір жол саласында 3,5 мыңнан аса қыз-келіншек еңбек етеді

admin_altyalash

Білім ордасы спорт, акт залдарымен, асхана, кітапханамен және жекелеген пәндік кабинеттермен жабдықталған

admin_altyalash