«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Қызылорда облысының жастары белсенді қатысуда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Қызылорда облысының жастары белсенді қатысуда

07.11.2024
0
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Қызылорда облысының жастары белсенді қатысуда

Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының жастары «Жашыкөл» учаскесінде эко-марафон ұйымдастырды. Тазалық еріктілерін аудан орталығының тұрғындары да қолдады. Олар, бірге 15 қап қоқыс жинап, туған ауылының тазалығын сақтауға үлес қосты.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық жобасы өскелең ұрпақ арасында кеңінен танылып келеді.
Мәселен, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінде «Туған өлкені таза ұстау – біздің ортақ парызымыз» тақырыбында эко-тәрбие сағаты өтті. Студенттерге қоршаған ортаны қорғау және қоқысты дұрыс сұрыптау бойынша дәрістер оқылды.
– Біз табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты және үлкен сүйіспеншілікпен қарауымыз керек. Туған жердің тазалығы мен жайлылығын сақтаудағы ерекше миссия жастарға жүктелген. Бұл бағытта жоғары оқу орындары мен колледждердің оқушылары мен студенттері арасында жүргізіліп жатқан үлкен түсіндіру жұмыстары маңызды, – деп атап өтті республикалық «Байтақ» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрхан Айдаров.
Сонымен қатар, Шиелі ауданында 3,2 мың жас ағаш көшеттерін отырғызу басталды. Жалпы, аудан орталығы – Шиелі кентінде күзгі ағаш отырғызу үшін арнайы 6,6 гектар жер дайындалған.
Ал, аудан орталығындағы М.Ломоносов атындағы №47 мектеп-лицейінде оқушылар робототехника бойынша бұйымдар мен қолөнер, сондай-ақ конструкциялар жасады.
Бұл үшін негізгі шикізат сенбілік кезінде балалар жинаған әртүрлі тұрмыстық қалдықтар пайдаланылады. Айта кету керек, балалардың шығармашылық әрекеттері назардан тыс қалмады. Осы мектептің 6 оқушысы өңірлік жарыстардың жеңімпаздары атанып, Астана қаласында өткен роботбаттл байқауына қатысты.
Сондай-ақ, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттеріне өткізілген лекция презентациясында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстардан мағұлматтар берілді.
– Біздің студенттер тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы дәрістер тыңдады. Бұл адам денсаулығы үшін ғана емес, біздің табиғатымыз үшін де қажет – деп атап өтті колледж директорының орынбасары Алмат Молдабаев.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 616 032 облыс тұрғыны қатысты. 23 651 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаңдар мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 4332 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 322 су айдындары, 47 451 аулалар мен көшелер тазартылды. 548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы екі жайлы мектеп ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сенатор Дархан Қыдырәлі футбол федерациясын тексеруді сұрады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.