Төбеттің шығу тарихы мен түр-сипаты ресми бекітіледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Төбеттің шығу тарихы мен түр-сипаты ресми бекітіледі

07.11.2024
0
Төбеттің шығу тарихы мен түр-сипаты ресми бекітіледі
Фото: tobet.kz

Экология және табиғи ресурстар министрінің «Қазақы ит тұқымдарының стандартын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы №101 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды altyalash.kz Halyq Uni.–не сілтеме жасап.

Құжатта төбеттің шығу тегі жаңадан енгізіліп, малды, мүлікті және адамдарды сүйемелдеп, қорғайтыны жазылған.

Сондай-ақ жаңадан қысқаша тарихи анықтамасы берілген. Онда осы тұқымның тарихы ежелгі дәуірден бастау алатыны, еуразиялық дала кеңістігінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мәдениетінің қалыптасуымен байланысты мал бағатын бөрібасар иттерді пайдалану қажеттілігінен туындағаны айтылады.

Одан бөлек, бас сүйегінің пошымы толық сипатталып, жаңадан енгізілген.

Мәселен, бас сүйегі жоғарыдан қараған кезде үшкіл тәрізді болады, ол қабақтан бастап құлақ аймағына дейін кеңейеді, содан кейін желке төмпегіне қарай тарылады (желкесі біршама артқа шығыңқы). Қас үсті доғалары, төбе сүйектің қыры, желке төмпегі дамыған.

Маңдайы: кең, жалпақ, ортасында кішкене ойығы бар. Бүйірден қараған кезде бас сүйегінің жоғарғы қыры түзу көрінеді. Алдыңғы жағынан қараған кезде үстіңгі жағы жалпақ немесе біршама дөңгелектелген болып көрінеді.

Маңдайдан тұмсыққа өту аймағы тегіс, аздаған ойық көрінеді.

Кемшіліктері: басы жеткілікті ірі және ұзын емес. Бас сүйек құлақ аймағында жеткілікті кең емес. Шүйдесі тегістелген. Қас үсті доғалары айқын емес. Маңдайдан тұмсыққа сәл күрт ауысқан.

Сонымен қатар жалпы түрі бойынша дене тұрқының қандай болатыны, дене мүшелерінің қалай жетілетіні, өлшемдері, сипаттары, мінез-құлқы/темпераменті және басқа да мәліметтер толықтырылып қазақша жазылған.

Қоғамдық талқылау 20 қарашаға дейін жалғасады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сенатор Дархан Қыдырәлі футбол федерациясын тексеруді сұрады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге қайтарылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.