Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Желіде Шавкаттың Иэн Гэрримен бірге спарринг өткізген видеосы тарады

Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

DAR PRO TEAM командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гэрридің бір жаттығу залында дайындалып жатқан видеосы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жек өткізеді. Бұған дейін жауынгерлер Kill Cliff жаттығу залында бірге жаттығу өткізген.

“Шавкат Рахмонов пен Ян Гарри бір-бірін жақсы таниды! Біраз уақыт олар Kill Cliff залында бірге жаттығып, спарринг өтікзіп үлгерген болатын. Ресейлік жауынгер Абдулазиз Дацилаев (5-0) Рахмоновтың Гарриді ниндзя-чоумен тұншықтырғанын өз көзімен көргенін мәлімдеген болатын”, – делінген DAR PRO TEAM командасының Instagram желісіндегі ресми парқшасында жарияланған видеоның сипаттамасында.

Айта кетейік, мұнда UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усман да жаттығады. Шавкта Рахмонов – Иэн Гарри жекпе-жегінің жеңімпазы UFC чемпионы Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барды

admin_altyalash

Кәсіби білім беруді дамытудың тарихи қадамы болмақ

admin_altyalash

Елордада Амангелді Кеңшілікұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

admin_altyalash