Фестивальдің негізгі мақсаты – мәдени байланысты дамыту – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Фестивальдің негізгі мақсаты – мәдени байланысты дамыту

21.11.2024
0
Фестивальдің негізгі мақсаты – мәдени байланысты дамыту

24-30 қарашасы аралығында Алматы XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің орталығына айналады. Биылғы фестиваль қазақстандық киноның айтулы мерейтойларымен ерекшеленеді. Қазақ киносының жарық жұлдызы Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойы, сондай-ақ «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының 90 жылдығы және киностудияға Айманов есімінің берілгеніне 40 жыл толды.Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл жыл біз үшін ерекше маңызға ие. «Еуразия» кинофестивалі ұзақ үзілістен кейін қайта жанданып, жаңа белеске қадам басып отыр. Сонымен қатар, біз биыл Шәкен Аймановтың мәдени мұрасын дәріптеп, қазақ киносының байлығын әлемге танытуды көздейміз. Оның фильмдері көптеген буындарға шабыт берді. «Қазақфильм» киностудиясының қайта жаңғыруы да осыны айқындай түседі», – деді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы президентінің міндетін атқарушы, фестиваль директоры Айдар Омаров.

Фестивальдің ең басты шаралараның бірі – Шәкен Аймановтың 1964 жылы түсірілген «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі. Бұл туынды ұлттық мәдениетке деген құрметтің ерекше белгісі ретінде ұсынылады. Фестивальдің бағдарламалық директоры Диана Әшімова картинаның реставрацияланған нұсқасын көрермен назарына ұсыну арқылы қазақ кинематографиясының байлығын жаңа сапада көрсетуді мақсат еткенін жеткізді.

Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Айта кетейік, іс-шараның басты серіктесі Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы. Сондай-ақ, KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Eurasian Resources Group (ERG), Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі және Astana Motors демеушілік етті.

Фестиваль бағдарламсында халықаралық байқау, Орталық Азия мен түркі әлемі елдерінің фильмдер байқауы өтеді. Сонымен қатар іскерлік алаңдардың жұмысы да қыза түспек.

«Фестиваль тек байқаулық көрсетілімдермен шектелмейді. Байқаудан тыс бағдарламалар, шеберлік сабақтары, премьералар және киноиндустрия мамандары үшін ерекше тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігін беретін іскерлік алаңдар ұйымдастырылады. Барлық іс-шаралар Алматының заманауи кинотеатрларының бірі – Kinopark 11 IMAX Esentai-де өтеді, ал іскерлік кездесулер Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткізіледі», – деп атап өтті кинофестивальдің іскерлік алаңының жетекшісі Кәрім Қадырбаев.

Фестивальдің негізгі мақсаты – мәдени байланысты дамыту, қазақ киносының жаңа есімдерін ашу және ұлттық мұраны дәріптеу болып табылады. Бұл орайда ақпараттық серіктестер өз үлесін қосуда Олардың қатарында «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік елден шығарылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Рафаэль Надаль ресми түрде карьерасын аяқтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.