Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Рафаэль Надаль ресми түрде карьерасын аяқтады

Фото: Matt McNulty/Getty Images

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль ресми түрде тенниспен қоштасты, деп хабарлайды altyalash.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Рафаэль өзінің соңғы турнирінде құрама сапында Дэвис кубогын иелене алмады.

Бұл күндері Дэвис кубогы Испанияның Малага қаласында өтіп жатыр. Корт иелері мықты құрамды шығарғанымен, жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған ойында Нидерландқа есе жіберді – 1:2. Шешуші кездесу жұптық сында өтті. Жекелей сында Карлос Алькарас Таллон Грикспурлы жеңсе, Рафаэль Надаль Ботик Ван Де Зандшульпке есе жіберді.

Ботикпен матч Надальдің карьерасындағы соңғы ойын болды. 38 жастағы теннисші – Үлкен дулыға турнирлерінің 22 дүркін чемпионы.

Турда жергеніне 23 жыл;

Жекелей сында 92 титул;

Үлкен дулыға турниріндегі 22 жеңіс;

Ролан Гарростағы (рекорд) 14 жеңіс;

36 мастерс;

Олимпиада-2008 (жекелей сында) және Олимпиада-2016-да (жұптық сын) чемпиондық атақ;

Бес рет маусымды АТР рейтингінің көшбасшысы ретінде аяқтаған.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрылтай – бұл тек пікір алмасатын орын емес, бұл – нақты шешімдер қабылданатын, ел болашағын айқындайтын саяси институт

admin_altyalash

ЭКОНОМИКА: САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

admin_altyalash

Алматы облысында 3 жасар қыз бір айдан бері табылмай жатыр

admin_altyalash