Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауды сұрады

фото: ашық дереккөз
Ирина Боровецтің бейнеүндеуі aqtobe_sergek парақшасында жарияланды.

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде постта қайтыс болған сарбаздың анасы оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауды сұрады. Ирина Боровецтің бейнеүндеуі aqtobe_sergek парақшасында жарияланды.

“Ұлым сәуірден бері Ақтөбеде әскери борышын өтеді. Кеше қайғылы жағдай болды. Борышын жақсы өткеріп жатқан. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін.

Сондай-ақ оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын. Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім – көгерген, ұрған іздер жоқ”, – деді сарбаздың анасы.

Ұқсас жаңалықтар

Қайырымдылық, қауіпсіздік және көмек: елордалық еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

admin_altyalash

Әмір Омарханов рейтингте бірден 11 сатыға көтерілді

admin_altyalash

Бүгінгі таңда Қазақстан Еуропа Одағында күнбағыс шротын экспорттау көлемі бойынша үшінші орын алады

admin_altyalash