Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Студенттер де үй кезегіне тұра алады

фото Liter.kz
Бұл туралы  «Отбасы банк» АҚ Орталық филиал директорының орынбасары Дария Батенова айтты.

Ендігі уақытта студенттер де тұрғын үй кезегіне тұра алатын болды.

Бұл туралы  «Отбасы банк» АҚ Орталық филиал директорының орынбасары Дария Батенова «1001 түн» бағдарламасында айтып берді.

«18 жастағы студент үй алуға кезекке тұра алады. Ол кезегі келіп жатқан уақытта әлі студент болған жағдайда оның шәкіртақысы табыс көзі болып табылады. Егер ол жеткіліксіз болса, екі адам кепіл болуы керек», – дейді Дария Батенова.

Бүгінгі таңда Қазақстанда әкімдіктердің кезегінде тұрған азаматтардың ғана мемлекеттің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуларына немесе оны сатып алу құқығынсыз баспананы жалға алуларына мүмкіндіктері бар. Мемлекеттің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша сатып пәтер алу үшін әкімдікке кезекке тұруға тек Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары ғана құқылы екенін атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Сахнада бейәдеп әрекет жасаған әртістерді жазаға тартатын қаулы шықты

admin_altyalash

Бұл – дәстүрлі мәдениеттің бай мұрасын көрсетуге берілген үлкен мүмкіндік

admin_altyalash

Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды биыл да жалғастырамыз

admin_altyalash