XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

02.12.2024
0
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда өткізілген XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды. Орталық Азияның басты кинооқиғасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген киношерлер мен киносүйер қауымды біріктірді. Бір апта бойы көрермендер 30-дан астам фильмді тамашалады. Оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты. Фестиваль алаңы мәдени пен шығармашылықтың қазанына айналып үлгерді.

Фестивальдің қатысушылары мен қонақтарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі жеткізілді. Оның құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли оқыды.

XVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

NETPAC әділ қазыларының жүлдесі «Белгісіз елге» фильмі, режиссері Махди Флейфель;

Халықаралық байқау қазылар алқасының төрағасы Нури Бильге Джейланға «Әлемдік кинематографияға қосқан ерекше үлесі үшін» сыйлығы берілді;

Белгілі қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов «Қазақстан кинематографиясына қосқан ерекше үлесі үшін» марапатталды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ:

Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Флорентина Хольциенгер, «Ай» (Moon), Австрия;

Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Артур Пачесный, «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша;

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Нирвана» (Nirvana) фильмі, режиссері Асиф Ислам, Бангладеш;

Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Джун Мин О, «Жыл маусымдары үйі» (House of the Seasons), Оңтүстік Корея;

Үздік фильм үшін гран-при – «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша, режиссері Гжегож Дебовски.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЕЛДЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ:

Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Эльза Каримова, «Ғашықтар тауы» (The Lovers’ Mountain), Татарстан;

Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Абылай Марат, «Шекарадағы мәміле» (Deal at the Border), Қырғызстан;

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Хемме өлетін күндердің бірінде» (One of the Days When Hemme Dies) фильмі, Түркия;

Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Аруан Анартай, «Жоқтау» (Joqtau), Қазақстан;

Үздік фильм үшін гран-при – «Ақ тырналар билейтін жерде» (Where the White Cranes Dance), Саха Республикасы (Ресей).

Фестивальдің жабылу салтанатында KhazaR этно-фьюжн тобы, Aljazz эстрадалық-симфониялық оркестрі және VIVAT шоу-балеті өнер көрсетіп, кино апталығын шымылдығын жапты.

Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.

Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», QazaqGazetteri, EgemenQazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.

Соңғы жаңалықтар

01 желтоқсан 2024

ҚР МАМ ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау бойынша кешенді шаралар әзірледі

29 қараша 2024

Алматыда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

29 қараша 2024

Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жыл қорытындысы: креаторларды қолдау және азаматтық қоғамды дамыту

29 қараша 2024

2024 жыл қорытындысы: Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері

29 қараша 2024

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

МИНИСТР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекетіміз талантты балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.