Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Жайлы өмір сүруге жағдай жасау – еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында жаңа пәтерлер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Сырдарияның сол жағалауында баспана кезегінде тұрған отбасыларға арнап салынған жеті қабатты 6 үй пайдалануға берілді.

«Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жайлы өмір сүруге жағдай жасау – еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Мемлекетіміз үшін қастерлі мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында 500-ден астам отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын!», — деді, жаңа қоныс иелерін құттықтаған вице-премьер.

Жаңа пәтер кілтін алғандар қатарында көпбалалы отбасылар да бар. Мәселен, Әсия Есенбекова 5 жыл пәтер кезегінде тұрған.

«Бүгін бізге 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Баспаналы болу – біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Біз өте ризамыз. Көрсеткен қолдауларыңыз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз», — деді Әсия Есенбекова.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада «Zhas Alem» балалар мен жастардың шығармашылық фестивалі өтеді

admin_altyalash

Жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішті көрсетті

admin_altyalash

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 250-ден астам сериал түсірілген

admin_altyalash