Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

1000 гектар аумаққа зәйтүн ағаштарының көшеттерін отырғызу жоспарлануда

2023 жылы қазақстандық «QVM Technology», «Ordabasy Group» және «Ервира» компаниялары грузиялық «Olive Georgia» компаниясымен бірлесіп, Жетісу, Түркістан және Маңғыстау облыстарында зәйтүн ағаштарының көшеттерін тәжірибелік отырғызу туралы келісімге қол қойды.

Алғашқы 6080 көшет отырғызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, көшеттердің 99,7%-ы жақсы өміршеңдік деңгейін көрсетті. Алғашқы өнімді 5 жылдан кейін жинау жоспарланып отыр.

2024 жылдың көктемінде Испания мен Түркиядан әкелінген көшеттер отырғызылды.

2025 жылдың соңына дейін қазақстандық компаниялар 1000 гектар аумаққа зәйтүн ағаштарының көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр.

Жоба аясында ғылыми қолдау көрсету қарастырылған: Испанияның Кордова университетінің профессоры Пабло Мореллоның жетекшілігімен топырақ, климат және метеорологиялық деректерді жинау және талдау жүргізілетін болады.

«QVM Technology» ЖШС 2030 жылға қарай зәйтүн өңдеу және зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Сумен жабдықтау жүйесін салуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

admin_altyalash

Қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасайтын түркістандық оқытушы

admin_altyalash

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті

admin_altyalash