ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты

26.12.2024
0
ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты
Фото: gov.kz
ТЖМ бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі уақытта оқиға орнында ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға салдарын жоюға 306 адам, 101 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық есептоп жұмылдырылды. Жұмыстарға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадасының және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Әзербайжан ТЖМ қызметкерлері тартылды.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадалары ұшақ апатқа ұшыраған жерде авариялық-құтқару жұмыстарын медициналық қамтамасыз етуді жалғастыруда. Апаттар медицинасы орталығының психологтары Ақтау қаласына келген туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.

“Кеше авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29 адам, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған құтқарылды және ауруханаға жатқызылды. Қаза тапқандардың 38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның денесі анықталды. Сонымен қатар кеше іздеу тобының нәтижесінде ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды”, – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта Ақтау қаласында апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел штабтар мен жедел желі телефондары жұмысын жалғастыруда: 8-7172-55-96-21, 8-7172-55-96-83, 8-7292-31-90-91. Жедел желі телефондарына шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық сипаттағы 1 063 өтініш түсті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 25 желтоқсанда сағат 11.00-де Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының әуе кемесіндегі авариялық жағдай туралы ақпарат алғанан соң Ақтау қаласы әуежайының ауданына Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Сағат 11.30-да әуежайдан 3 км жерде ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат түсті. Салдарынан ұшақтың фюзеляжының екі көлденең бөлікке (қиранды арасындағы қашықтық 300 м) ақауы пайда болды, содан кейін ұшқыштар кабинасының маңында өрт шықты.

Сағат 11.35-те келген құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті, ал сағат 12.05-те өрт толығымен сөндірілді. Апат болған жердің жалпы ауданы 4 200 шаршы метрді құрады.

Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Оқиға салдарын жоюға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінен, Ұлттық ұланнан, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтінен, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел медициналық көмек бригадасынан және жергілікті атқарушы органдардан 492 адам, 102 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп, оның ішінде Астана қаласынан барған санитарлық борт жұмылдырылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі жарияланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.