Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтары

Қызылордада 7 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Фото: regnum.ru

Қызылорда қаласында жеті жасар ер бала бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға 12 шілде сағат 12.45 шамасында Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған.

Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2016 жылғы ер бала құлап кеткен. Ол алған дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Тұрғындардан бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

Оның арасында біреуі алған дене жарақатынан көз жұмды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды

admin_altyalash

Шымкенттегі көлік басқармасының экс-басшысы сотталды

admin_altyalash

Он тілде еркін сөйлейтін жас полиглот Қазақстанда тұрады

admin_altyalash