Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарСаясат

1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасында партиялар пікірсайысы өтеді

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында 2023 жылғы 1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді.

Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады.

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев,  «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дүйсенбинов
Берік, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев 4 кезең бойынша өзара пікірсайысқа түседі.

Ұқсас жаңалықтар

Спорт күні қарсаңында жаттықтырушылар, дәрігерлер, әдіскерлер, инженерлер және спортшылар марапатталды

admin_altyalash

«ТІЛ ЗАҢЫНА БАҒЫНҒАН ҰЛТТЫҚ ЕМЛЕ»

admin_altyalash

Өңірлер экономикалық өсімнің өзегіне айналды  

admin_altyalash