Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қазақстанда жаңа әуе рейстері ашылады

2025 жылға дейін Қазақстаннан Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк бағыттарына әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың мемлекет басшысымен кездесуінде белгілі болды.

Кездесуде министр Қазақстанда «Ашық аспан» режимі енгізіліп, ұшу географиясы кеңейіп келе жатқанын жеткізді. Жоспар бойынша, 2025 жылға дейін Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк бағыттарына рейстер ашылуға тиіс.

Сонымен қатар кездесуде 2022 жылы Қазақстан авиакомпаниялары 11 миллионға жуық жолаушы тасымалдап, пандемияға дейінгі көрсеткішке қол жеткізгені белгілі болды.

Бұдан бөлек министр Президентке көлік инфрақұрылымының дамуы, кен орындарына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы, жолдардың сапасын жақсарту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге орта бизнесті дамыту және шикізат секторына, тау-кен өнеркәсібі мен геологиялық барлау салаларына инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ жол бойындағы, сондай-ақ әлеуметтік, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға ерекше назар аударуды, өндірістегі отандық үлесті арттыру жұмысын күшейтуді және Қала құрылысы кодексін әзірлеуді жеделдетуді талап етті.

Ұқсас жаңалықтар

АТТЫ АЛҒАШ ҚОЛҒА ҮЙРЕТКЕН ЖЕР – «НИКОЛЬСК ҚОНЫСЫ»

admin_altyalash

Бір тәулікте 114 адамнан коронавирус анықталды

admin_altyalash

Алматы гүлзарында селфи жасағандарға 370 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

admin_altyalash