Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Саясат

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиыны өтті. Онда Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылды.

Президент Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың, Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірестердің нәтижесінде ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мәжіліс мемлекеттік сатып алу туралы заңды қабылдады

altyalash_kz

Жанарбек Әшімжан, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі: Жаңа заңда оңды өзгеріс көп

altyalash_kz

Сианьдағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасы қаланды

altyalash_kz