Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

«Реал» Криштиану Роналдуға ерекше ұсыныс жасады

Мадридтік «Реал» президенті Флорентино Перес Криштиану Роналдуға клубта жұмыс істеуге қайта ұсыныс жасады.

El Nacional басылымының жазуынша «Аль-Наср» сапында ойнайтын  38 жастағы Роналду Сауд Арабиясында ұзаққа қалмауы мүмкін. Португалия капитанына Реал Мадридке қайта оралуды ұсынған. Алайда бұл жолы ойыншы ретінде емес. Перес Роналдуға таңдау үшін екі лауазым –  клубтың елшісі және Реал Мадрид спорт ұйымының мүшесі болуды ұсынған.

Дегенмен Роналду «Аль-Наср» сапында 14 ойында 11 гол соғып, Сауд Арабиясы Про-Лигасының менеджерлерін таңғалдырды.

Жұлдыз португалдық ойыншы «Аль-Насрда» жылына 200 миллион еуро алады. Оның келісімшарты 2024 жылы аяқталады. Клубтың бұрынғы жаттықтырушысы Руди Гарсия бұған дейін Роналду мансабын Сауд Арабиясында аяқтап, Еуропаға оралуды жоспарламайтынын атап өткен.

Ұқсас жаңалықтар

УЕФА-ның үш лигасының жеребесі тартылды

admin_altyalash

Бас бапкер қазақ боксшыларын алда қандай жарыстар күтіп тұрғанын айтты

admin_altyalash

Айдос Сұлтанғали Грек-рим күресінен алғаш рет алтынға қол жеткізді

admin_altyalash