Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Түрікменстанның жаңа президенті үкіметті отставкаға жіберді

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды, деп жазды жексенбіде үкіметтің орыс тілді «Нейтральный Туркменистан» газеті.

Түрікменстанның жаңа басшысы сенбіде ұлықтау рәсімінен кейін және Құрмет қарауылының сарбаздары мен қарулы күштер бөлімшелері шеруін қабылдағаннан кейін үкімет отставкасы туралы жариялаған. Газет «Президент Сердар Бердімұхамедов парадты қабылдап, жоғары мемлекеттік лауазымдағы міндетін бастау үшін «Огузхан» сарайы кешеніне барды» деп жазады.

«Мемлекет басшысы Түрікменстан Конституциясына сәйкес ел үкіметі мүшелерінің толығымен отставкаға кетуі туралы қаулыға қол қойып, оларға министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін орындауды жалғастыруды тапсырды», — деп атап көрсетеді басылым.

Еске салайық, Түркіменстанда 12 наурызда кезектен тыс президент сайлауы өткен болатын. Түрікменстанның сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы қаулысы негізінде 72,97 пайыз дауыс жинаған Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды.

Ұқсас жаңалықтар

Башар Асадқа қарсы шектеулер күшінде қалды

admin_altyalash

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды

admin_altyalash

Хатайда тағы 5,1 балдық жер сілкінісі болды

admin_altyalash