Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Ақмола облысында балалар отырған автобус жол апатына ұшырады

фото: Скриншот
Ақмола облысында балалар отырған микроавтобус жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам көз жұмып, 15 жолаушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады altyalash.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 4 желтоқсан күні «Көкшетау-Атбасар» тас жолының 128 шақырымында болған.

Анықталғандай, «Mercedes-Benz Sprinter» көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қар тазалайтын көліктен айналып өту кезінде жолдың қарсы бағытында келе жатқан «Nissan Primera» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал, 15 жолаушы, оның ішінде 7 бала түрлі дене жарақатымен Сандықтау аудандық ауруханасына жатқызылды.

«Қазіргі кезде «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу дерегі» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, бірқатар сараптамалар тағайындалды», — ведомстводан.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Euronews Орталық Азия хабының өкілдігі ашылады

altyalash_kz

Қызылорда облысының әкімі ел ағаларымен кездесті

altyalash_kz

«Газ тапшылығын қолдан жасауға жол берілмейді»

altyalash_kz