Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы мен қаланың өзге де маңызды нысандары қызғылт сары түске көмкерілді.

Алматыда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жаһандық акцияны қолдау мақсатында бірқатар нысандарға жылы қызғылт сары түс берілді.

Осы күндері Көктөбе телемұнарасы, Halyk Bank ғимараты, Тұңғыш Президент саябағы, LED-экрандар және қаланың бірнеше ірі орындары қызғылт сары түспен әрленіп тұр.

Қызғылт сары түс – жылылықтың, үміт пен бірліктің белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғаудың маңызын және кез келген зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын еске салады.

Бұл – қоғам назарын маңызды мәселеге бұратын көрнекі белгі әрі қиындыққа тап болған адамдарға деген қолдау мен құрметтің нышаны.

Ұқсас жаңалықтар

Сенатор Нұртөре Жүсіп пен Президенттің кеңесшісі Күнсұлу Закария отандық ғылымның даму келешегін талқылады

altyalash_kz

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың екінші айналымына жолдама алды

altyalash_kz

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТ ӨҢІРІ» АТАНДЫ

altyalash_kz