Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғамМәдениетӨнерРуханият

Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына орай «Күй ұран» еске алу кеші өтті

Алматы қаласында Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, көрнекті күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Күй ұран» атты еске алу кеші өтті.

Іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бастамасымен ұйымдастырылды. Кешке мәдениет және өнер қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Қаршыға Ахмедияровтың туған-туыстары мен әріптестері қатысты.

Кеш барысында күйші-сазгердің таңдаулы шығармалары орындалып, ұлт руханиятындағы орны мен өнердегі өлшеусіз еңбегі кеңінен насихатталды.

Қаршыға Ахмедияровтың өмірі мен шығармашылығы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрімен тығыз байланысты. Өнер иесі оркестр құрамында әр жылдары домбырашы-күйші, концертмейстер, жеке орындаушы және дирижер қызметін атқарды.

Қайталанбас дара талант иесінің қазақ музыкасының алтын қорынан орын алған шығармашылық және ғылыми мұрасы күйшілік мектептің дамуына және ұлт мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.

Ұқсас жаңалықтар

Форум Power Central Asia + China запускает стратегические проекты в нефтегазохимии и «зеленой» энергетике

admin_altyalash

Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді

admin_altyalash

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Праздником единства народа Казахстана

admin_altyalash