Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды

Фото: Halyq Uni

Елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, байқау жеңімпаздарына 3 млн 450 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Оған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

  • I кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз);
  • II кезең – облыстық деңгей (22 тамыз – 10 қыркүйек);
  • III кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді.

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in веб-порталында іске асырылады.

«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Сондықтан маңызы зор. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл – балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі, –деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Айта кетсек, «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1 мың АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда өткен офлайн-хакатонға 150-ден астам адам қатысты

admin_altyalash

Министр елімізде жаңадан қай автокөлік түрлері шығарылатынын жариялады

admin_altyalash

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨҢІРЛІК АЛҚА ӨТТІ

admin_altyalash