Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

ДДҰ жаңа пандемия туралы ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері адамзатқа COVID-тен де қауіпті жаңа пандемияның қаупі бар екенін болжады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

23 мамырда Женевада өткен жыл сайынғы ассамблеяда ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын хабарлады.

«Ауру мен өлім қаупі жоғары COVID вирусының басқа да нұсқасы пайда болуы мүмкін», деді ұйымның бас директоры.

Тедрос Гебрейюс бүкіл әлемді болашақта қауіпке қарсы тұруға дайын болуға шақырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ДДҰ 5 мамырда 2020 жылдан бері күшіне енген жаһандық коронавирустық пандемия мәртебесін жою туралы шешім қабылдады. Пандемия 1150 күнге созылған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қылмыстық топтың басшысы 26 жылдан кейін сотталды

altyalash_kz

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

altyalash_kz

Ұлтаралық араздықты қоздырған Петропавл тұрғыны жындыханада жатыр

altyalash_kz